Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО тұрғыны бірге тұратын әйелді балталап өлтірді деген күдікпен ұсталды

Опубликовано:

Балта1
Көрнекі фото: piqsels.com

Солтүстік Қазақстан облысындағы Советское ауылының тұрғыны бірге тұратын әйелді балталап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Петропавл жаңалықтарына сілтеме жасап.

Басылым дерегінше, әйелді өлтірді деген күдікті марқұмның денесін кіре беріске жасырып, үш күн бойы ауылда үнсіз жүре берген.

Ал әйелдің жоғалғанын оның қызы байқап қалады. Ол анасының телефон тұтқасын көтермегенінен және есікті ашпағанынан күмәнданады.

Нәтижесінде үйдің есігін полицейлер бұзып кіріп, 56 жастағы әйелдің жансыз денесін тапқан.

Алдын ала болжам бойынша, күдікті мен марқұм жәбірленуші ішімдікті шамадан тыс қолданып, кейін ұрысып қалған.

Аталған іс тіркеуге алынып, ер адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сараптама тағайындалып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1998925-sqo-turgyny-birge-turatyn-aieldi-baltalap-oltirdi-degen-kudikpen-ustaldy/

pixel