Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кінәсін мойындады": Түркістан облысында оқушы қыз жасөспірім баланы өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан облысында оқушы қыз жасөспірім баланы өлтірді деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда қыз өз кінәсін мойындап, тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды Отырар арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қайғылы жағдай Шардара ауданында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқушы қыз бен жасөспірім бала түнгі сағат 03:00 шамасында кездескен. Кездесуге шыққан қыздың қолында пышақ болғаны анықталды.

Ол жасөспірімді пышақтап, жәбірленуші оқиға орнында қаза тапты.

Ал жансыз жатқан денені көшеде жүрген адамдар тауып алған. Оқиға орнына келген жедел іздеу тобының қызметкерлері марқұмның кім екенін анықтады.

Бір сағаттан соң күдікті де қолға түсіп, оқушы қыз кінәсін мойындады. Дәлел ретінде асүй пышағы мен басқа да заттай айғақтар алынды.

Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999017-kinasin-moiyndady-turkistan-oblysynda-oqusy-qyz-zasospirim-balany-oltirdi-dep-kudiktelude/

pixel