Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Артында төрт баласы қалды": Ақтөбе облысындағы жол апатынан сегізінші адам көз жұмды

Опубликовано:

Жол апатына түскен көлік
Жол апатына түскен көлік. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында болған жол апатынан жеті адам қаза тапқан еді. Кейін ауруханаға жеткізілген 63 жастағы жүргізушінің де көз жұмғаны анықталды, деп хабарлайды Диапазон басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Еске сала кетейік, жол апаты 22 қарашада Мұғалжар ауданы Елек ауылының жанындағы Ақтөбе - Астрахань тас жолында болған еді.

Полицияның мәліметінше, ВАЗ-2114 көлігінің жүргізушісі екінші жолдан басты жолға шығып, Lada Largus көлігімен соқтығысқанын, Lada қарсы бағыттағы Kia Sorento көлігімен соқтығысып, салдарынан Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен 6 жолаушы оқиға орнында қаза тапқан.

Ал Kia Sorrento-ның 63 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушысы Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізілген.

Басылымның жазуынша, ауруханаға түскен адамдардың барлығы Экология департментінің қызметкерлері. 22 қараша күні зертхана қызметкерлері қызмет бабымен Кеңқияққа жол тартып, жол апатына түскен.

Зардап шеккендердің ішінде 63 жастағы көлік жүргізушісі ауыр жараланған. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күндей күрескен. Алайда ер адам алған ауыр жарақаттарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Ол кісі 10 жылдан бері бізде көлік жүргізушісі болып жұмыс істеді. Өте жауапты адам еді. Жексенбі күні жерледік. Артында әйелі мен төрт баласы қалды", - дейді Экология департаментіндегілер.

Департмент өкілдері жол апатынан зардап шеккен үш қызметкердің де хал-жағдайын үнемі сұрап, біліп отырғандарын, олардың бірі үйіне шығарылғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999400-artynda-tort-balasy-qaldy-aqtobe-oblysynda-qaigyly-zol-apatynan-segizinsi-adam-koz-zumdy/

pixel