Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғардағы колледжден 600-ден астам адам эвакуацияланды

Опубликовано:

Талғар
Талғар қаласы полиция қызметкерлері: Telegram/polisia.kz

Алматы облысында 30 қараша күні сағат 12:10-да кезекші бөлімге М. Бейсебаев атындағы Талғар агробизнес және менеджмент колледжіне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы ІІМ-нің Polisia.kz Telegram арнасы хабарлады.

Оқиға орнына барлық жедел қызмет келіп жеткен.

Полиция қызметкерлері басқа уәкілетті органдармен бірлесіп 500-ге жуық студент, 97 оқытушы, 7 техникалық персоналды және 2 күзетшіні эвакуациялаған.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша Талғар ауданы полиция басқармасында тіркелді.

"Қазіргі уақытта саперлер арнайы операция жүргізуде. Оның нәтижелері бойынша жағдайға құқықтық баға берілетін болады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 23 қарашада Талғарда мектепке бомба қойылды деген хабарға байланысты ғимарат қоршауға алынған болатын. Ол кезде ғимараттан 1000-нан астам адам эвакуацияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999593-talgardagy-kolledzden-600-den-astam-adam-evakuaciyalandy/

pixel