Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да көлікпен келе жатқан жолаушылар қар көшкінінің астында қалды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

ШҚО Алтай ауданының полиция қызметкерлері қар көшкінінің астында қалған көлікті шығаруға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым хабарланғандай, боранда ерлі-зайыптылар мен үш жолаушысы бар автокөлік Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен – Рахман қайнарлары тас жолының серпантинінде көлікті қар көшкіні жауып қалған.

қар көшкіні
Қар көшкінінің астында қалған көлік. Фото: polisia.kz

Бұл күні облыстың қауіпті жолдарының бірінде азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев , Серебрянск қаласы полиция басқармасының бастығы Ернұр Макиленов және Алтай ауданы полиция басқармасының мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғановпен бірге патрульдеуге шыққан.

Басылымның мәліметінше, алдын алу шаралары мақсатында жолға шыққан тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке келген. Алдымен полиция қызметкерлері көлікті күрекпен қардан қазып алған. Деседе көлікті қар құрсауынан шығару мүмкін болмаған. Тіпті техниканы уаз автокөлігімен сүйреп те қар құрсауынан шығара алмаған.

Осылайша тәртіп сақшылары көмекке грейдер тракторын әкелген. Полицейлер оның көмегімен автокөлікті қардан шығарып, Алтай қаласына шыққан үш жолаушыны көлікке отырғызып жіберген. Ал Өскеменге бет алған ерлі-зайыптылар Серебрянск қаласында қалуға мәжбүр болған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға ыстық шай мен түскі ас беріп, көлікті жөндеу үшін қонақ үйге орналастырған. Ерлі-зайыптылар қиыншылық туған кезде немқұрайлы қарамаған және осындай қиын жағдайда көмектескен полицейлерге алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999682-sqo-da-kolikpen-kele-zatqan-zolausylar-qar-koskininin-astynda-qaldy/

pixel