Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы тұрғын үй кешенінің бірінде лифт құлап, бір адам мерт болды

Опубликовано:

жеделсаты
Лифт. Көрнекі фото: Рixabay.com

30 қараша күні оңтүстік астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінің бірінде адам қаза тапты. Полицейлер еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасы.

Құқыққорғау органдарының мәліметінше, 30 қараша, сәрсенбі күні Алматы қаласында салынып жатқан ТК-нің бірінде лифт құлап, бір адам көз жұмды.

"Іс Қылмыстық Кодекстің 156-бабы 3-бөлігі бойынша "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді", – делінген тәртіп сақшыларының хабарламасында.

Бұл фактіні Алмалы ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің қызметкерлері тексеріп жатқаны айтылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1999971-almaty-turgyn-ui-keseninin-birinde-lift-qulap-bir-adam-mert-boldy/

pixel