Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау қаласының тұрғындары балаларды соққан жерде жолды жауып тастады (видео)

Опубликовано:

Ақтауда жол-көлік оқиғасы болған жер
Ақтауда адамдар жол-көлік оқиғасы болған жерге жинаалды. Видеодан кадр: Lada.kz/

Ақтау тұрғындары қарашаның 29-ы күні кішкентай қыздың өліміне себепші болған жол-көлік оқиғасы болған 31А және 31Б ықшамаудандары арасындағы жолды жауып тастады. Жағдайға байланысты Маңғыстау полиция басқармасы Lada.kz басылымына түсініктеме берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Осыдан бірнеше күн бұрын 5 және 6 жасар екі қызды қағып кеткен екі ықшамаудан арасындағы жолды Ақтау тұрғындарының қалай жауып тастағанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Зардап шеккен кішкентай қыздың бірі көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, жиналғандар жол-көлік оқиғасы болған жерде жылдамдықты азайтатын жол кедергісі немесе бағдаршам орнатуды талап еткен.

Ал Маңғыстау облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасын жасаған көлікті 67 жастағы ер адам басқарғанын хабарлады. Қазір ол ешқайда кетпеу туралы кепілде отыр.

Ашынған азаматтармен Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асхат Нұрмұханов кездесті, деп хабарлайды InAktau.kz.

Шенеунік жол апаты болған жерде бақылау камералары мен бағдаршам орнатылады деп сендірді.

"Тұрғындар тарапынан мынадай мәселе қойылды: біріншісі – жол бұдырларын орнату, екіншісі – жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршам орнату, үшіншісі – бейнебақылау камералары. Бейнебақылау орнату бойынша қазіргі уақытта осы бағытта жұмыстар басталды. Крест тәрізді қиылыстардың екі жағында да "ақылды" камералар орнатылады", – деді Асхат Нұрмұханов басылымға.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000002-astanada-zurgizusisi-zoq-kolik-ayaldamaga-soqtygysty-video/

pixel