Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қолынан айырылды: Ақтауда жарылыстан зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтаудағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға пәтер иесінің қолын жұлып алған. Ер адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ жергілікті Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 3 желтоқсан күні қаланың 27-ауданында болған. №49 үй тұрғындарының айтуынша, сенбі күні түскі уақытта олар пәтерлердің бірінен қатты жарылыстың даусы шыққанын естіген. Жарылыстың қатты болғаны сонша терезелер ұшып кеткен.

Куәгерлердің сөзінше, оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шегіп, қолынан айырылған. Олардың айтуынша, жәбірленуші әскери қызметкер. Ол пәтерде отбасымен тұрады.

Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі журналистерге оқиға орнынан 1988 жылы туған ер адамның жеткізілгенін хабарлады. Зардап шеккен азамат жансақтау бөлімінде жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000131-qolynan-aiyryldy-aqtauda-zarylystan-zardap-sekken-er-adam-zansaqtau-boliminde-zatyr/