Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада КамАЗ LRT қоршауына кіріп кетті (видео)

Опубликовано:

КамАз LRT қоршауына кіріп кетті
КамАз LRT қоршауына кіріп кетті. Видеодан кадр: Іnstagram.com/astanovka98

Елордада КамАЗ жүк көлігі LRT қоршауына соғылды. Астана қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы Instagram-дағы Astanovka98 желісінде жарияланды.

"Астанада бір LRT бағанасы бүлінген сияқты", — делінген видеоның жазбасында.

Елордалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бүгін, 5 желтоқсанда, күндізгі сағат 12:20 шамасында болған. Апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

"КамАЗ маркалы көлігінің 31 жастағы жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Түркістан көшесінен Қабанбай батыр даңғылына қарай келе жатып, жол жамылғысын ескермей және рульді басқара алмай, қоршауға соғылып, оны зақымдаған (бағанасы бүлінбеген)", – деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 610-бабының 1-бөлігі (Көлiк құралдарын жүргiзушiлердiң адамдардың денсаулығына зиян келтiру, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы) бойынша әкімшілік іс қозғалғаны атап өтілді.

Полиция көлік иелерін көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000252-astanada-kamaz-lrt-qorsauyna-kirip-ketti-video/