Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Екібастұз жылу энергиясы" ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады

Опубликовано:

ЖЭО
Екібастұздағы ЖЭО. Фото: Екібастұз қаласы әкімдігінің ресми сайты

"Екібастұз жылу энергиясы" ЖЭО қызметкерінің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, бұған дейін желіде ЖЭО учаскесі бастығының көз жұмғаны туралы ақпарат тарай бастаған.

Онда қайтыс болған 33 жастағы ер адамның денесі гараждан табылғаны, оның денесінде зорлық белгілері болмағаны туралы полицияның рапорты жарияланған. 

"Екібастұз жылу энергиясының" баспасөз қызметі басылым тілшісіне қызметкерінің қайтыс болғаны туралы ақпаратты растаған.

"4 желтоқсан күні "Екібастұз жылу энергиясы" ЖШС-не полиция басқармасынан қаладағы гараждарының бірінен көлік ішінен Екібастұз ЖЭО қызметкері болуы мүмкін ер адамның денесі табылғаны туралы қоңырау келіп түсті. Деректерді тексеру кезінде ол шынымен орталық қызметкері екені анықталған", - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Басылымның жазуынша, Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факт қалалық басқармада тіркелгенін, қазір тексеру жүргізіліп жатқанын атап өткен.

Сондай-ақ басылымның дерегінше, алдын ала болжам бойынша ер адам әйелімен болған жанжалдан соң гаражға кетіп, сондағы көлігін оталдырған. Кейін ол ұйықтап кетіп, газдан уланып қалған болуы мүмкін. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000266-ekibastuz-zeo-ucaskesinin-bassysy-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel