Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық зауытында жұмысшы қаза тапты

Опубликовано:

Домна пеші
Домна пеші. Фото: Arcelormittal.kz

Бүгін, 8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" металлургиялық зауытында жұмысшы қаза тапты. Апат зауыттың коксхимиялық өндірісінде болған. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

"8 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық  өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. "АрселорМиттал Теміртау" зауытының 1982 жылы туған газ қызметкері қайтыс болды", - делінген ресми хабарламада.

Компания өкілдері бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, оқиғаның себептері анықталу үстінде екенін мәлім еткен.

Еске сала кетейік, таяуда ғана үкімет басшысы Әлихан Смайылов ArcelorMittal компаниясының ТМД бойынша вице-президенті Виджай Гоялмен және "АрселорМиттал Теміртау" АҚ бас директоры Биджу Наирмен кездескен болатын. Әлихан Смайылов кәсіпорын басшылығының назарын жұмыскерлердің өлімі мен жарақаттануына әкеп соқтырып жатқан өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы елеулі кемшіліктерге аударған.

Премьер-министр жағдайды түзету үшін түбегейлі шаралар қабылдауды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000686-arselormittal-temirtau-metallurgiyalyq-zauytynda-zumyssy-qaza-tapty/

pixel