Ақтөбе облысында Toyota Camry көлігі аударылып, 3 жасар бала қаза тапты
Опубликовано:

Ақтөбе облысында Toyota Camry 30 көлігі аударылып, 3 жасар бала оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ-нің Telegram-дағы POLISIA.KZ ресми жаңалықтар арнасы.
ІІМ-нің ресми Telegram арнасының мәліметінше, оқиға 8 желтоқсан күні, кешкі уақытта Самара-Шымкент автожолында болған.
Toyota Camry 30 автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі Хромтау қаласынан Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылы бағытында жүріп келе жатып, рөлді басқара алмай, жыраға аударылған.
Салдарынан 3 жасар бала алған дене жарақатынан оқиға орнында қайтыс болса, көлік жүргізушісі Әйтеке би ауданының ауруханасына жеткізілген.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалған.
Сонымен қатар ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2000928-aqtobe-oblysynda-toyota-camry-koligi-audarylyp-3-zasar-bala-qaza-tapty/