Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда елу литрлік газ баллоны жарылып, бір адам мерт болды

Опубликовано:

Газ баллондары
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыдағы жер үйлердің бірінде елу литрлік газ баллоны жарылып, 70 жастағы ер адам мерт болды. Бұл туралы Хабар24 арнасы хабарлады.

Жарылыс салдарынан 1953 жылғы әйел адам мен 2014 жылғы бала ауруханаға түскен. Өрт сөндірушілерге жарылыс туралы ақпарат сағат 12:20 шамасында жетіп, 13:10 кезінде өрт сөндірілді.

Ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмған. "Қалған екі науқастың жай-күйі орташа ауыр", - дейді дәрігерлер.

Қазір мамандар өрттің шығуына нақты не себеп болғанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2001052-qaragandyda-elu-litrlik-gaz-ballony-zarylyp-bir-adam-mert-boldy/

pixel