Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Есентай өзенінің жағалауындағы қоршауды мұз көшкіні бұзып өтті (видео)

Опубликовано:

Cкриншот видеодан алынды.
Cкриншот видеодан алынды. : instagram.com/kris.p.original

Алматыда мұз көшіп, Есентай өзенінің жағалауындағы қоршауды бұзып өтті. Аталған оқиғаға қатысты қала әкімдігі пікір білдірді. Олар жағалауды қалпына келтіру жұмыстары қолға алынғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұз көшкінінің суреттері Instagram желісіндегі Krispi_almaty және Kris.p.original пабликтерінде пайда болды. Онда Есентай өзенінің жағалауында мұз жатқанын әрі ол қоршауды бұзып өткенін анық көруге болады.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі ауа температурасындағы ауытқуларға байланысты мұз көшкіні жүріп, қоршауды шайып өткендігін хабарлады.

"Алматы қаласы ТЖД, экология және қоршаған орта департаменті, "Қазселденқорғау" мен құтқару қызметі мамандарымен аумақты тазалау және қалпына келтіруге байланысты жедел шаралар қолға алынды", – деп түсіндірді ведомствода.

Бүгінде өзен суы қалыпты жағдайда ағып жатыр, тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлады қала әкімдігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2001454-almatyda-esentai-ozeninin-zagalauyndagy-qorsaudy-muz-koskini-buzyp-otti-video/

pixel