Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында өртенген үйден ер адам мен немересінің мәйіті табылды

Опубликовано:

Өртенген үй. Көрнекі сурет
Өртенген үй. Көрнекі сурет: pixabay.com

Павлодар облысында өртенген үйден ер адам мен 6 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басылымның мәліметінше, 19 желтоқсан түнгі сағат 23.13-те құтқару қызметіне өрт туралы хабар келіп түскен.

Белгілі болғандай, өрт Павлодар облысы Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылы Елгин көшесі, 16 мекенжайында бір қабатты қамыстан салынған үйде болған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметі жалын шамамен 64 шаршы метр аумақты шарпығанын айтады. Сондай-ақ үй шатырының жартылай құлап қалғаны белгілі болды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына келгенге дейін 2019 жылғы қызды көршісі құтқарып үлгерген.

Бүгінде ол ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, баланың көміртегі тотығынан уланғаны, оң қабағы және бетінің сол жағы бірінші дәрежелі термиялық күйік алғаны анықталды.

Облыстық ТЖД барлау кезінде үйіндінің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген денесі табылғанын хабарлайды.

"Өрт 20 желтоқсанда, сағат түнгі 01.47 шамасында толығымен ауыздықталған. Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды", - дейді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2002180-pavlodar-oblysynda-ortengen-uiden-er-adam-men-nemeresinin-maiiti-tabyldy/

pixel