Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада жаппай жол апаты болды (видео)

Опубликовано:

Астанадағы жол апаты
Жол апаты болған жер. Видеодан кадр: Іnstagram.com/astana_sergek

Астана көшелерінің бірінде бірнеше көліктің жаппай соқтығысқан сәті видеоға түсіп қалды. Елордалық полиция департаменті үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Апат болған жерден түсірілген видео әлеуметтік желіде таралуда. Астана қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 23 желтоқсан күні сағат 15:30 шамасында болған.

"Kia Rio жүргізушісі Ұлы Дала көшесімен келе жатып, Бөкейхан көшесінің қиылысында қарсы бағыттан кері бұрылу кезінде Lada-21901 көлігімен соқтығысты, ол инерцияның әсерімен Volkswagen-мен соқтығысты", – деп хабарлады ведомство.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia Rio жолаушысы оқиға орнынан қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деп атап өтті Астана қалалық полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2002909-astanada-zappai-zol-apaty-boldy-video/

pixel