Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысындағы жол апаты 20 жастағы жігіттің өмірін қиды

Опубликовано:

Екібастұзда жол апатына ұшыраған көлік
Жол апаты. Оқиға орнынан фото: Павлодар облыстық ПД

Павлодар облысында есірткіге мас күйде көлік айдаған жүргізуші ағашқа соғылып, жол апатынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Павлодар облысының Полиция департаменті Instagram парақшасында.

Облыстық ПД хабарлауынша, дүйсенбі, 26 желтоқсан күні түнгі сағат 23.00 шамасында 32 жастағы жүргізуші Екібастұз қаласындағы Кеншілер көшесімен жүріп келе жатып, "ВАЗ" маркалы автокөлігімен ағашқа соғылған. Апат салдарынан 20 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаттарынан көз жұмған, ал екінші 29 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылған.

"Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші есірткіге мас күйінде болған, сондай-ақ тексеру кезінде оның автокөлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ екені анықталды", – делінген облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Автокөлік мамандандырылған автотұраққа қамалды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2003301-pavlodar-oblysyndagy-zol-apaty-20-zastagy-zigittin-omirin-qidy/

pixel