Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында ас беріліп жатқан үйде жарылыс болды

Опубликовано:

Ұлытау облысындағы жарылыс
Ұлытау облысындағы жеке тұрғын үйдегі жарылыс. Оқиға орны: Ұлытау облысы ТЖД

Бүгін Ұлытау облысының Жаңаарқа ауылында ас беріліп жатқан үйде газ баллоны жарылды. Оқыс оқиғадан 16 адам зардап шекті. Оқиға жайлы толық мәлімет Ұлытау облысының ТЖД ресми сайтында жарияланды.

Ведомствода хабарлағандай, 27 желтоқсан күні Ұлытау облысының Жаңаарқа кентінде жеке тұрғын үйдің аумағындағы моншада тұрмыстық газ баллоны жарылған. Салдарынан 100 шаршы метр аумақта монша шатыры бұзылып, 50 шаршы метр алаңы жанған.

Төтенше жағдай департаментінің мамандары жедел түрде өртті сөндірген. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға болған үйде ас берілген.

"Жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті, олардың 8-і ауруханаға жатқызылды, біреуі ауыр жағдайда. Сегіз адам үйлеріне жіберілді. Өйткені медициналық тексеру кезінде ауруханаға жатқызу қажеттілігі болмаған", – делінген ресми хабарламада.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқиға орнында Жаңаарқа кентінің 6-ӨСБ күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр. Яғни жеке құрамның 4 адамы, ТЖБ қызметкерлері – 2 адам және 1 бірлік Ац-40 техникасы. Жарылыстың себебі мен жағдайлары анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қауіпсіздік техникасы өрескел бұзылған, себебі газ баллоны аяздан үй-жайға әкелініп, жылыту үшін жылыту құрылғысының жанында орнатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2003304-ulytau-oblysynda-as-berilip-zatqan-uide-zarylys-boldy/

pixel