Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда сауда үйінің жанында әйел адамның өлі денесі табылды

Опубликовано:

Егде жастағы әйел адам. Көрнекі сурет
Егде жастағы әйел адам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандыда "Майқұдық" шағын ауданындағы сауда үйлерінің бірінің жанынан 71 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылымның мәліметінше, полицейлерге сауда үйінің жанында егде жастағы әйелдің денесі жатқаны туралы хабарды кездейсоқ куәгер айтқан. Осылайша, полиция дереу оқиға орнына жеткен.

"31 желтоқсан күні сағат 9.47-де Қарағанды қаласы ПБ ЖБО-ға 12 шағын аудандағы "Аян" СҮ жанында зорлық-зомбылық белгілерінсіз 71 жастағы әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады", - деп түсіндірді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2003881-qaragandyda-sauda-uiinin-zanynda-zeinetker-aieldin-oli-denesi-tabyldy/

pixel