Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы шахталардың бірінен екі адамның өлі денесі табылды

Опубликовано:

Шахта. Көрнекі сурет
Шахта. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақмола облысы Бестөбе ауылында жұмыс істемейтін шахталардың бірінен екі адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәліметінше, 15 қаңтарда Степногорск қаласының полициясына "Центральная" шахта кенішінің диспетчерінен, 520 горизонтта екі адамның өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция қызметкерлері тексеріс барысында қаза тапқандардың кім екенін анықтаған. Олардың бірі-1986 жылы туған Бестөбе ауылының тұрғыны болып шыққан. Ол осыдан бірнеше жыл бұрын шахтада жұмыс істеген.

Қаза болғандардың екіншісі - Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғыны. Шахтаға заңсыз кірген куәгердің айтуынша, ер адамдардың өлі денесі кен үйіндесінің астынан табылып, өзге кен іздеушілердің көмегімен сыртқа шығарылған.

Қазіргі таңда аталған факт қылмыстық кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі ("Қорғалатын объектіге заңсыз кіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005587-aqmola-oblysyndagy-saxtalardyn-birinde-eki-adamnyn-oli-denesi-tabyldy/

pixel