Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде Lexus көлігі көпірден құлап кетті (фото)

Опубликовано:

Көпірден құлаған көлік. Фото
Көпірден құлаған көлік. Фото: Polisia.kz

Ақтөбеде, 18 қаңтар күні, Заречный кентінің көпірінде жол апаты болып, салдарынан бір көлік көпірден құлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.

Белгілі болғандай, 18 қаңтар күні сағат 00.30 шамасында Ақтөбеде Заречный кентінің көпірінде Lexus көлігінің жүргізушісі Қарғалы тұрғын алабы маңынан жүре отырып, жылдамдықды сақтамай, Subaru көлігімен соқтығысып қалған.

Салдарынан Lexus көлігі көпірден құлап кеткен. Сонымен бірге жол апатынан Lexus жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

"Оқиға орнын тексеру барысында жол бойында көктайғақ жоқ екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2005759-aqtobede-lexus-koligi-kopirden-qulap-ketti-foto/

pixel