jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Ақтөбе облысында 43 жастағы түрік азаматы қайтыс болды

    Жол апатына түскен көлік. Фото
    Жол апатына түскен көлік. Фото: Polisia.kz

    Ақтөбе облысында жол апатынан 43 жастағы Түркия азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    Басылымның хабарлауынша, 17 қаңтарда Mercedes Benz жүк көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, Түркия Республикасының азаматы Қостанай облысынан Ақтөбе қаласына қарай, Әйтеке би ауданы Т.Жүргенов ауылының маңында жүріп келе жатып, басып озу кезінде 47 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

    Салдарынан Mercedes Benz автокөлігі жолдың жүріс бөлігінен ілеспе бағытта мұзды тазарту жұмыстарын жүргізіп жатқан автогрейдермен соқтығысқан.

    Белгілі болғандай, Mercedes Benz көлігінің 43 жастағы жүргізушісі, түрік азаматы алған жарақаттарына байланысты оқиға орнында қайтыс болған.

    Осы орайда, Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерді жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың салдарын болдырмау мақсатында, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

    Ақтөбе облысында 43 жастағы түрік азаматы қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.