Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында газ баллоны жарылып, екі шетел азаматы зардап шекті

Опубликовано:

Жарылған газ баллоны. Фото
Жарылған газ баллоны. Фото: Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алматы облысында тандыр наубайханасында газ баллоны жарылып, екі Өзбекстан азаматы зардап шекті, деп хабарлайды ТЖМ ресми сайты.

Алматы облысы ТЖД министрлікке ұсынған мәліметке сай, газ баллоны Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында 18 қаңтар күні түнде, шамамен сағат 02:14-те жарылған.

"Шақырту орнына сағат 02:18-де келгеннен кейін тандыр наубайханасы қоймасының аумағында көлемі 50 л. тұрмыстық газ баллонын пайдалану бойынша қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты тарсыл пайда болып, кейіннен 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, 96 шаршы метр аумақта шатыр мен қабырға құлағаны анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Оқыс оқиға салдарынан Өзбекстанның екі азаматы қол-аяғының екінші дәрежелі термиялық күйігімен орталық аудандық ауруханаға жатқызылған.

Осы орайда Алматы облысының ТЖД газ баллондарын пайдалану кезінде қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтауға шақырады:

  • таразы қондырғысымен, өлшеудің нормативтік дәлдігін қамтамасыз ететін бақылау салмақтарымен, толып кеткен баллондардан газды ағызуға арналған ыдыспен (баллонмен) жабдықталған тұрмыстық баллондарды толтыруға арналған мамандандырылған пункттерде ғана баллондарды толтыруға жүзеге асыруға болады;
  • баллонды суықтан жылы жаққа кіргізуге, оны жылу көздерінің жанына қоюға болмайды, себебі ол күрт кеңейіп, нәтижесінде жарылыс пайда болады;
  • баллонды ауыстырмас бұрын, жаңа және пайдаланылған баллондардың крандары жабылғанына көз жеткізіңіз. Ауыстырғаннан кейін қосылыстардың тығыздығын тексеріңіз (сабын ерітіндісін қолдану арқылы);
  • баллонды газ плитасына қосу үшін қауіпсіздік қысқыштарымен бекітілген, ұзындығы бір метрден аспайтын арнайы (кездейсоқ емес) созылмалы резеңке шлангты пайдаланыңыз. Оның созылып кетуіне немесе қысылуына жол бермеңіз;
  • газ құрылғыларын қосу ретін қадағалаңыз: алдымен сіріңкені жағып, содан кейін газды ашыңыз;
  • тексерілмеген баллонды қолдануға болмайды;
  • газдың ағып кетуіне жол бермеу үшін тамақ пісіру кезінде қайнаған сұйықтықтар отқа ағып ағып кетпейтінін қадағалаңыз. Оттықты үнемі тазалаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2006008-almaty-oblysynda-gaz-ballony-zarylyp-eki-setel-azamaty-zardap-sekti/

pixel