Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында пойыз бен трактор соқтығысты: бір адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Жетісу облысында пойызбен соқтығысқан трактор
Жетісу облысында пойызбен соқтығысқан трактор. Оқиға орны: Т.me/POLICE_of_KZ

Жетісу облысында трактор жүк пойызымен соқтығысты. Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz сайтының ресми Telegram-арнасы.

Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға Қаратал ауданы, Қанабек ауылындағы темір жол өткелінде болған.

"Оқиға салдарынан зардап шеккен екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі 41 жастағы ер адам ауруханада көз жұмды. Ал екінші жарақат алған 18 жастағы жасөспірім медициналық тексеруден өтіп жатыр. Екеуі де трактордың ішінде болған", – делінген хабарламада.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмысын жалғастырып жатыр. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2006464-zetisu-oblysynda-poiyz-ben-traktor-soqtygysty-bir-adam-qaza-tapty-foto-video/

pixel