jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Әсел Дағжан
    Әсел Дағжан
    Бұрынғы қызметкер

    Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті (фото)

    Өртенген көліктер
    Өртенген көліктер. Оқиға орны: Шымкент қалалық ТЖД

    Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД ресми Instagram парақшасында.

    Шымкент қаласы ТЖ департаментінің хабарлауынша, "101" басқару пультіне 23 қаңтар күні сағат 04:47-де Еңбекші ауданындағы К.Цеткин көшесіндегі үйдің жанында өрт орын алғанғандығы туралы хабарлама келіп түскен.

    "Оқиға орнына жұмылдырылған өрт сөндіру бөлімдері үйдің жанында тұрған "ВАЗ-2107" маркалы жеңіл автокөлігінің салоны, "Опель-Астра" автокөлігінің салоны және трансформатор "КТП-270" толығымен өртеніп кеткенін айтты.

    Өрт сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 05:15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ", – дейді Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс бөлімі.

    Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 9 қызметкері мен 2 дана техникасы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда.

    Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.