jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    "Ми шайқалған": Қызылордада спорт кешенінің құрылысшылары жарақат алды

    Құрылысшылар. Көрнекі сурет
    Құрылысшылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қызылорда облысы Қазалы ауданында жаңа спорт кешенінің шатыр жауып жатқан бес адам жарақат алып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

    Басылымның хабарлауынша, оқиға бүгін, 25 қаңтарда сағат 11.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы - Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесі бойында жаңадан салып жатқан спорт кешені аумағында болған.

    Белгілі болғандай спорт кешенінде төбедегі бөренелер құлап, салдарынан ауданда тұратын 30-40 жастағы 5 ер азамат жарақат алған.

    Осылайша олардың үшеуі "мидың шайқалуы, түрлі жарақаттар" диагнозымен ауруханаға жатқызылса, екеуіне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған.

    Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 1-бөлігімен іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, дейді облыстық ПД өкілдері.

    "Ми шайқалған": Қызылордада спорт кешенінің құрылысшылары жарақат алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.