jitsu gif branding logo appbranding logo app

Каспий теңізіне батып кете жаздаған әйел құтқарылды (видео)

теңіз11
Көрнекі фото: pixabay.com

Жексенбі, 29 қаңтарда Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментіне Касий теңізіне әйел адамның батып бара жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Қуанышқа орай, сүңгуірлер келіншекті аман алып қалды, деп хабарлайды ТЖМ Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, 29 қаңтар күні сағат 15:50-де кезекші пультіне Каспий теңізіне әйел адамның батып бара жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Жақын маңайда жүрген ұтқарушылар оқиға орнына небәрі 7 минутта жеткен.

"Осы уақытта әйел суға бата бастады. Сүңгуір-құтқарушы әйелді 8 метр биіктіктен секіріп құтқарды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, құтқару операциясына ТЖД төрт құтқарушысы қатысты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері әйелге шұғыл медициналық көмек көрсеткен.

Сонымен қатар келіншектің неліктен суға түскені әзірге белгісіз.

Каспий теңізіне батып кете жаздаған әйел құтқарылды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.