Top.Mail.Ru

Зектілері

Оралда сырғанап жүрген 17 жастағы қыз ауыр жарақат алды

Жарияланған күні:

Сырғанап жүрген қыз
Сырғанақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

Оралда 17 жастағы бойжеткен жекеменшік демалыс базасының аумағында сырғанап жүріп, ауыр жарақат алды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінде журналистерге хабарлағандай, оқиға 28 қаңтар күні Оралдағы Ысқырғыш-тау ауданында болған.

"29 қаңтар күні сағат 1:34-те облыстық балалар ауруханасына 2005 жылы туған кәмелетке толмаған қыз бала жеткізілді. 28 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында Ысқырғыш-тауда сырғанап жүргенде, оны болат арқан соққан", – дейді полицияның хабарламасын келтірген басылым.

Қазір қыздың жағдайы ауыр деп бағалануда. Оған дәрігерлер іштің жабық жарақаты, бауырдың жыртылуы, үш қабырғаның жабық сынуы деп диагноз қойған.

"Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп толықтырды құқық қорғау органдары.

Оқиға қалай болғанын полиция нақтыламады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007239-oralda-syrganap-zurgen-17-zastagy-qyz-bauyrdan-auyr-zaraqat-aldy/