Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тұрғын үйдің балконы қар мен мұздың салмағын көтере алмай опырылып түскен (фото)

Опубликовано:

құлаған балкон
Опырылған балкон. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде балкон құлады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 31 қаңтар күні сағат 14.50 шамасында болған.

Шымкент қаласы әл-Фараби ауданы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтердің балконы құлаған.

Тұрғын үй
Тұрғын үй. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Куәгерлердің сөзінше, көлемі үш шаршы метр балкон қар мен мұздың салмағын көтере алмай опырылған. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

"Оқиға орнында Әл-Фараби ауданы ТЖ басқармасы, аудан әкімшілігінің  қызметкерлері және жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары жұмыс атқарды. Құтқарушылар оқиға орнында шатырдағы қар мен мұзды түсірді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ",- деп хабарлайды Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007570-symkentte-turgyn-uidin-balkony-qar-men-muzdyn-salmagyn-kotere-almai-opyrylyp-tusken-foto/

pixel