Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да былтыр жоғалып кеткен 47 жастағы әйелдің денесі үй ауласынан табылды

Жарияланған күні:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері кісі өліміне қатысты өткен жылы жасалған қылмыстың бетін ашты. Бұл туралы polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кетті деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.

2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған.

Полицейлер аталған деректі тіркеп, дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен. Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды.

3 қаңтарда Ұлан аудандық полиция басқармасына жеке үйдің ауласында әйел адамның сөмкесі табылғаны жайлы және ішінде жоғалған әйелдің жеке куәлігі бар деген жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері аймақты қарап, қазу барысында іздестіруде жүрген. зорлықпен өлтірілген әйел адамның мәйітін тапты.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2007682-sqo-da-byltyr-zogalyp-ketken-47-zastagy-aieldin-denesi-ui-aulasynan-tabyldy/