Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-дағы тікұшақ апаты: Көліктегі полиция департаменті тергеуді бастады

Опубликовано:

IIM қызметкері. Көрнекі сурет
IIM қызметкері. Көрнекі фото: Polisia.kz

23 ақпанда Батыс Қазақстан облысында тікұшақ апатты жағдайда қонып, салдарынан төрт адам қаза тапқан болатын. Осыған байланысты Көліктегі полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу бастады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, аталған факті Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әуе көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Қазіргі уақытта Бас көлік прокуратурасының қадағалауымен осы іс бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы апатты жағдайда қонғанын жазған едік.

Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екі адам зардап шекті.

Азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша, 23 ақпанда "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ тапсырысымен құбырды тексеру бойынша ұшып шыққан. Сағат 15:50-де БҚО-ның Чапурино елдімекенінен 6 шақырым қашықтықта тікұшақ қатты екпінмен келіп қонған.

Бортта 5 экипаж мүшесі және 2 жолаушы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2010641-bqo-dagy-tikusaq-apaty-koliktegi-policiya-departamenti-tergeu-bastady/

pixel