Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алтайдан Қазақстанға бет алған автобус апатқа ұшырады: қаза тапқандар бар

Жарияланған күні:

Автобус терезесі
Автобус іші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ресейдің Алтай аймағында "Новосібір-Семей" бағытындағы қалааралық автобус жүк көлігімен соқтығысып, жол апатына ұшыраған. Жергілікті құқық қорғау органдары қаза тапқандар бар екенін растап отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА-Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жауапты ведомствоның ақпаратына сілтеме жасаған агенттіктің дерегінше, апат салдарынан 2 адам қаза тапқан және 5 жолаушы жарақат алған.

"Бүгін Алтай өлкесінің Рубцовский ауданында А-322 федералды тас жолының 267 километрінде жүк көлігі мен Новосібір-Семей қалааралық автобусы соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды", - деп жауап берді облыс прокурорының көмекшісі Мария Антошкина басылым тілшілеріне.

Агенттіктің мәліметіне сай, Алтай өлкесінің прокуроры Антон Германның тапсырмасы бойынша аудан прокуратурасы тексеруді бастаған. Тексеру кезінде көлікті қамтамасыз ету заңнамасының сақталуы, маршруттық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі мәселелері қаралатын болады.

Жолаушылар арасында Қазақстан Республикасының азаматтары бар-жоғы туралы мәлімет алу үшін NUR.KZ тілшілері Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

Айта кету керек, облыстың ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Алтай облысы Батыс Сібірдің оңтүстік-шығысында, континенттік Азияның шекарасында орналасқан.

Алтай аймағы оңтүстік-батысында және батысында Қазақстан Республикасымен, атап айтқанда Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Шекараның ұзындығы 843,6 километрді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2011421-altaidan-qazaqstanga-bet-algan-avtobus-apatqa-usyrady-qaza-tapqandar-bar/