Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 жастағы қызы жансақтау бөлімінде": Ақтөбеде пәтерден анасы мен ұлының денесі табылды

Жарияланған күні:

Өтуге болмайды
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақтөбеде 29 наурыз күні түнде біреулер 35 жастағы әйел мен оның ұлын өлтіріп кеткен. Марқұмның 13 жастағы қызы ауыр халде жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.  

Жантүршігерлік оқиғаны Ақтөбе облыстық полиция департаменті хабарлады. Екі адамның денесі табылғаны туралы хабар полицияға 29 наурыз күні сағат 05:30-да келіп түскен. 

"Жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлық белгілері бар денесін тапты. Қаза тапқан әйелдің 13 жастағы қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы қылмысты жасаған адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған арнайы және жедел іс-шаралар өткізілуде",- деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. 

Факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны белгілі болды. 

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға түскен жасөспірімнің жағдайы ауыр екенін хабарлады.

"Қыз балаға ота жасалды. Жансақтау бөлімінде жатыр. Мойынның оң жақ беткейінде кесілген жаралар бар. Мойын тамыры жарақаттанған. Жағдайы ауыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2014554-13-zastagy-qyzy-zansaqtau-boliminde-aqtobede-paterden-anasy-men-ulynyn-denesi-tabyldy/