Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ірі жол апатынан екі жасар сәби көз жұмып, жүкті әйел ауыр жарақат алды

Опубликовано:

жол апаты
Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысы Ақсу қаласында жантүршігерлік жол апаты болып, екі жасар сәби шетінеп кетті. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 9 сәуір күні сағат 20:30 шамасында Ақсу қаласының маңындағы Ленин-Курчатов және Ақсу-Үштерек автожолдарының қиылысында Toyota Corona және Audi-80 автокөліктері соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2021 жылы туған Audi-80 автокөлігінің жас жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі, 29 жастағы және 28 жастағы жолаушылар жарақат алып Ақсу қаласындағы ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1993 жылы туған ер адам көптеген жарақаттар алған. Бірінші дәрежелі травматикалық шок тіркелді. Жағдайы тұрақты, ауырлығы орташа, бақылау кезеңінде оң динамика байқалады.

"1994 жылы туған әйел адам жүктіліктің 21 аптасында екені белгілі болды. Жарақаттар, мидың шайқалуы, көгерген жара анықталды. Жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесінде травматолог дәрігерлердің, акушер-гинекологтардың тұрақты бақылауында", – дейді басқарманың баспасөз қызметі.

1979 жылы туған ер адамның екі жақтан бірнеше қабырғасы сынған. Өкпе жарақаттары бар. Екінші дәрежелі травматикалық шок алған. Екі операция жасалған. Реанимациялық бөлімшеде емдеуді жалғастырады, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жағдайы ауыр деп бағалануда.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның себептері анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2016546-pavlodar-oblysynda-iri-zol-apatynan-eki-zasar-sabi-koz-zumyp-zukti-aiel-auyr-zaraqat-aldy/