Оралда өрт болған жерден үш адамның денесі табылды (фото, видео)
Жарияланған күні:
Кеше түнде Оралда қайғылы оқиға болды – жеке үйдің гаражында шыққан өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында.
Департаменттің мәліметінше, өрт Хусайынов көшесінде кешкі уақытта, сағат 20:58-де болған.
Өрт алдымен 30 шаршы метр аумақтағы бүкіл гаражға жайылып, одан кейін ауданы 42 шаршы метр жеке тұрғын үйдің шатырына жеткен.
Ведомство өртенген ғимарат ішінде көлік пен 4 оттегі баллоны болғаны атап өтті. Соңғысын құтқарушылар шығарып үлгерген.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өртенген гараждан үш адамның денесін тапты.
Сағат 21:32-де өрт оқшауланып, 22:02-де толығымен сөндірілді.
Қазір өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2018264-oralda-ort-bolgan-zerden-us-adamnyn-denesi-tabyldy-foto-video/