Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мопед жүргізушісі полиция қызметкерін қағып кеткен

Опубликовано:

Мопедші полиция қызметкерін қақты
Оқиға орны. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Алматыда мопед жүргізушісі қаққан полиция қызметкері ауруханаға түсті. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, мопедші оқиға орнынан қашып кетпек болған, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 12 мамырда сағат 16:00 шамасында Медеу ауданында болған.

Зардап шеккен полиция қызметкерінің сөзінше, тәртіп сақшылары Достық даңғылы мен Құрманғазы көшесінің қиылысында басына дулыға кимеген мопед жүргізушісін байқаған. Ол тоқтау туралы бұйрықты орындамай, жоғары жылдамдықпен жеке сектор арқылы жасырына бастаған.

Одан бөлек, полицияның ақпаратынша, ол жол қозғалысына қатысушыларға нақты қауіп төндірген.

"Қуыс көшеде мопедті жаяу қуа бастадым. Мопедші артқа бұрылып, әдейі маған қарай жүрді. Соқтығысуды болдырмау мүмкін болмады. Мен құладым. Ал мопедші көлік құралын басқара алмай, кедергіге соқтығысты. Содан кейін ол ұсталды", - деді патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Жәнібек Оразбаев.

Құқық бұзушы жеткізуші компаниялардың бірінің 23 жастағы курьері болып шықты.

Ведомствоның ақпаратынша, оқиғадан кейін полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген.

Жол-көлік оқиғасы және полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбау деректері тіркелген. Мопед жүргізушісі заңға сай жауапкершілікке тартылады, деді полициядан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020376-almatyda-moped-zurgizusisi-policiya-qyzmetkerin-qagyp-ketken/

pixel