Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада бірнеше азамат пәтерде қару қолданып, төбелескен (видео)

Опубликовано:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылордада пәтерде қару қолданып, төбелескен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 13 мамырда таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты пәтерде белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама келіп түскен.

"Жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалағаны белгілі болды", - дейді полициядан.

Ведомство дерегінше, екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі Самара-Шымкент тас жолында автокөлікпен кетіп бара жатқан жерден құрықталды.

"Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты.

Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді", - деді ведомстводан.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020405-qyzylordada-birnese-azamat-paterde-qaru-qoldanyp-tobelesken-video/

pixel