Түнде естілген атыс дауысы Ақтау тұрғындарын шошытты (видео)
Опубликовано:

Түнде естілген атыс дауысы Ақтау тұрғындарын алаңдатты. Бұл жайтқа қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Telegram-дағы ІІМ жаңалықтары ресми арнасына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, 16 мамыр күні сағат 00:37 шамасында 102 кезекші пультіне 16 шағын ауданда белгісіз тұлғалардың бірнеше рет оқ атқаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Ол жерден атыс гильзалары тәркіленді. Тексеру барысында Маңғыстау облыстық ауруханасына оқ жарақатынан зардап шеккен адам түспегені анықталды", - дейді полиция өкілдері.
Сондай-ақ құзырлы орган бұл дерек Қылмыстық кодектің 293-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелгенін атап өтті.
Полиция тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2020905-tunde-estilgen-atys-dauysy-aqtau-turgyndaryn-sosytty-video/