Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"20 минут отырдық": Шымкентте адамдар мінген аттракцион биікте тұрып қалған

Опубликовано:

Аттракцион
Аттракцион. Көрнекә фото: pixabay.com

Шымкентте "Бәйтерек" аттракционына мінген бірнеше адам биікте тұрып қалған. Ойын-сауық саябағының басшылығы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Elitar.kz басылымына сәлтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, адамды биікке көтеретін "Бәйтерек" аттракционы бір сәтте бірнеше минутқа тұрып қалған. Осы уақыт бойы қызметкерлер оны жөндеуге тырысқан.

"Біз көтерілдік, бір кезде оны сөндіріп тастағанын байқадым. Біз қашан қосылады деп күтіп тұрдық. Екі жігіт және төрт қыз, барлығы 6 адам отырдық. Қыздар қорқып, айқайлай бастады. Мен оларды тыныштандыруға тырыстым.

Біз жоғарыда шамамен 20 минут отырдық, содан кейін олар бізді түсіре бастады, өйткені аппарат дұрыс жұмыс істемеді. Біз, қала тұрғындары, барлығын жөндеуге жауып, егжей-тегжейлі тексеруді сұраймыз", - деді аттриакционда болған Роман есімді қала тұрғыны.

Ер адамның айтуынша, аттракционның электр қозғалтқышы ескі болғандықтан, ол дұрыс жұмыс істемей қалған.

"Олар (саябақ жұмысшылары - ред.) сымдарды алып тастап, тұйықтап тастады. Содан кейін бізді ақырын түсірді, бірақ ақшаны қайтарғысы келмеді", - деп келтіреді Роман.

Кейін "Қиял әлемі" ойын-сауық саябағының басшылығы оқиғаға қатысты жауап берді.

"Жалпы тараған видеода автор 20 минуттай тұрып қалғанын айтады. Бұл шындыққа жанаспайды. Техникалық себептерге байланысты демалушылар шамамен 5-6 минут биіктікте тұрып қалуға мәжбүр болғанын жасырмаймыз. Барлығын ретке келтіруге осындай уақыт кетті", - деді ойын-сауық саябағының өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021484-20-minut-otyrdyq-symkentte-adamdar-mingen-attrakcion-biiktikte-turyp-qalgan/

pixel