Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейден басталған орман өрті Абай облысындағы аумаққа жайылды (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруде
Өрт сөндірушілер "Семей орманы" резерватындағы өртті сөндіруде. Фото: t.me/abai_oblysynyn_akimdigi

Ресейдегі Алтай өлкесінің аумағында тұтанған өрт "Семей орманы" резерватына ойысты. Абай облысындағы орман өртін сөндіруге барлық күш пен құрал жұмылдырылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі Telegram-дағы арнасында.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, 22 мамыр күні сағат 15:25-те Абай облысы Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта орналасқан, Ресейдегі Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, дала өрті тұтанған.

Кейін өрт "Семей орманы" табиғи резерватына ойысқан.

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 40 адам және 10 техника, оның ішінде 6 АЦ, 2 қызметтік авто, 1 КШМ, 1 су тасушы, орман шаруашылығынан 108 адам және 38 техника жұмылдырылған.

Әкімдіктің орман шаруашылығының мәліметтеріне сүйеніп хабарлауынша, сағат 22:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 70 га құраған.

Сондай-ақ әкімдік 23:07-де Семей қаласынан Ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы келгенін, ауылға кіреберісте жедел облыстық штаб құрылғанын атап өтті.

Әкімдік өңір басшысы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын да мәлім етті.

"Қазіргі уақытта елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, барлық қызмет эвакуациялауға дайын", - дейді Абай облысы әкімдігінің өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021649-reseiden-bastalgan-orman-orti-abai-oblysyndagy-aumaqqa-zaiyldy-video/

pixel