Түркістан облысында 5 жасар бала терезеден құлап кеткен
Жарияланған күні:
Қазақстанда тек бір тәуліктің ішінде елімізде екі бала терезеден құлап кеткен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, 8 маусымда Жезқазғандағы 5 қабатты тұрғын үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2021 жылы туған бала 3-қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылған.
"Түркістан облысындағы Таукент ауылында 5 қабатты тұрғын үйде тағы да ересектердің қарауынсыз қалып, 5-қабаттың терезесінен құлап, үй иесінің 2018 жылы туған ұлы сол жерде қайтыс болды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ТЖМ ата-аналар назарына баланы терезеден құлаудан қалай қорғауға болады деген тақырыпта нұсқаулық ұсынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2023854-turkistan-oblysynda-5-zasar-bala-terezeden-qulap-ketken/