"Көліктің астына түскен": Жетісу облысында 4 жасар бала жансақтау бөліміне жеткізілген
Жарияланған күні:
Жетісу облысында 4 жасар баланы көлік қағып кеткен. Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Жетісу облысындағы Көксу ауданы Мұқыры ауылында автокөлік 4 жастағы баланы қағып кеткен.
Бала жолдың көлік жүретін бөлігінде Lada Grantа көлігінің астына түскен.
ІІМ жол апатынан зардап шеккен бала түрлі дене жарақаттарымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынғанын хабарлады.
"Құрметті ата-аналар, балаларды қадағалауды күшейтіп, жолда дұрыс жүруге үйретуіңізді сұраймыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңіздің жеке үлгіңізбен және жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі үйрету арқылы ғана балаларыңызды қауіп-қатерден сақтай аласыз", - деп ескертеді ІІМ өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025172-koliktin-astyna-tusken-zetisu-oblysynda-4-zasar-bala-zansaqtau-boliminde-zatyr/