Top.Mail.Ru

Зектілері

Алматыдағы дамыту орталығында алты жасар бала көз жұмды

Жарияланған күні:

Жедел жәрдем көлігі
Жедел жәрдем көлігі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматыдағы балаларды дамыту орталығында алты жасар бала мерт болды. Қалалық полиция департаменті аталған жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қалалық полиция басқармасы NUR.KZ тілшісіне алты жасар баланың көз жұмғанын растады.

"Алты жасар баланың өлімі туралы факт сотқа дейінгі бірыңғай реестрге Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2 тармағы бойынша тіркелді. Қылмыстық іспен Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері айналысуда", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің өкілдері.

Zakon.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға 16 маусым күні балаларды дамыту орталықтарының бірінде болған. Ата-аналардың бірінің айтуынша, алты жасар бала жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмады. Алдын ала болжам бойынша, баланың үстіне шкаф құлап кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025197-almatydagy-damytu-ortalygynda-alty-zasar-bala-koz-zumdy/