Атырау облысында жол апатынан көлік өртеніп кетті: төрт адам қаза тапты (видео)
Жарияланған күні:
Атырау облысындағы трассада Lada Priora және Toyota Camry көліктері соқтығысты. Салдарынан көліктердің бірі отқа оранған. Көз жұмғандар бар, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасы Polisia.kz.
Оқиға 17 маусым күні республикалық маңызы бар "Доссор – Құлсары – Бейнеу" трассасының 10 километрінде болған. Lada Priora мен Toyota Camry көлігі бір-бірімен соқтығысқан.
"Соқтығысқанның салдарынан Lada Priora көлігі өртеніп, 1992 жылы туған жүргізуші мен 2001 жылы туған жолаушы, сондай-ақ Toyota Camry көлігіндегі 1972 жылы туған жолаушы оқиға орнында мерт болды.
Toyota Camry көлігінің жүргізушісі 1971 жылы туған азамат алған жарақатынан ауруханада көз жұмды", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Toyota Camry көлігінің екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілген.
"Көлік жүргізушілерінен трассада басып озу ережелері мен жылдамдық бойынша шектеулерді қатаң сақтауды сұраймыз", - деп ескертті полиция қызметкерлері.
Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында 10 адам, оның ішінде бес бала қаза тапқан жантүршігерлік апат туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025260-atyrau-oblysynda-zol-apatynan-kolik-ortenip-ketti-tort-adam-qaza-tapty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.