Top.Mail.Ru

Зектілері

Ақтөбе облысында жол апатынан шетел азаматтары қаза тапты

Жарияланған күні:

Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы
Ақтөбе облысындағы жол-көлік оқиғасы. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында болған жол апатынан шетел азаматтары көз жұмды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарланды.

Полиция мәліметінше, оқиға 21 маусым күні сағат таңғы 8:15 шамасында, Қобда ауылының маңында Самара-Шымкент тасжолының 631 шақырымында болған.

Анықталғандай Hyundai Starex көлігінің жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы рөлді басқара алмай, салдарынан көлік аударылған.

Жол апатынан екі жолаушы, оның ішінде 15 жастағы қыз оқиға орнында көз жұмған. Сонымен қатар түрлі жарақаттармен 6 адам Қобда ауданының ауруханасына жеткізілген. Ауруханада екі адам, оның ішінде кәмелет жасына толмаған бір бала қайтыс болған.

Полицияның алдын ала болжамы бойынша көлік жүргізушісі көлікті шаршаңқы күйде басқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2025747-aqtobe-oblysyndagy-zol-apatynan-setel-azamattary-qaza-tapty/