Біреуі жансақтау бөлімінде жатыр: Жетісу облысында екі мұғалім мен мектеп қызметкерлері жол апатына түсті
Жарияланған күні:
Жетісу облысында екі мұғалім мен мектеп қызметкерлері жол апатына түсті. Бұл туралы "Қазақпарат" агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жол апатынан зардап шегушілер әртүрлі дене жарақатын алған. 4 азамат Көктөбе орта мектебінің оқушылар лагерін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылған. Алғашқы әскери дайындық, информатика пәні мұғалімдері және күзетшілер жөндеу жұмыстарына қатысқаннан кейін қайтып бара жатқанда көлік апатына ұшыраған.
Қазір бір азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Қалған үш адамның денсаулығына қауіп жоқ. Ал Ескелді аудандық білім бөлімінің өкілдері жол апатына түскен азаматтар балалар лагеріне әкелінген жиһазды түсіруге көмектесуге өз еркімен келгенін айтады.
600 адамға арналған білім ғимараты балалар лагеріне ауыстырылып, оған төсек-орындар мен басқа да қажетті жиһаздар алынып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2026469-bireui-zansaqtau-boliminde-zatyr-zetisu-oblysynda-eki-mugalim-men-mektep-qyzmetkerleri-zol-apatyna-tusti/