Сағатына 218 км жылдамдықпен жүрген: Павлодар облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды
Жарияланған күні:
Павлодар облысында жол апаты болып, салдарынан 40 жастағы ер адам қаза тапты. Полицияның мәліметінше, ол сағатына 218 км жылдамдықпен жүрген, деп хабарлайды облыстық ПД Instagram парақшасында.
Жол апаты 27 тамызда сағат 17:30-да "Павлодар - Қызылорда" тасжолының 140 километрінде, Байет ауылынан 2 км жерде болған.
BMW көлігінің 40 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, метал бағанға соқтығысқан. Салдарынан көлік аударылып кеткен. Ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.
Полицияның мәліметінше, автоматты режимде жұмыс істейтін "Зерек-2" Аппараттық–бағдарламалық кешені бұл көліктің жылдамдымдығы - 218 км/сағ екенін тіркеген.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді,
"Мұқият болыңыз және басқа адамдардың өмірі сіздің көлік жүргізу әрекеттеріңізге байланысты екенін есте сақтаңыз", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2034540-sagatyna-218-km-zyldamdyqpen-zurgen-pavlodar-oblysynda-zurgizusi-zol-apatynan-koz-zumdy/