Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қаза тапты
Опубликовано:

Атырау облысында автокөлік Жайық өзеніне батып кетіп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтары арнасы.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, 17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған.
Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.
"Көлік ішінен 1971 жылы және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған.
Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған", - делінген хабарламада.
Полиция қазір сот-медициналық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2041553-atyrau-oblysynda-kolik-ozenge-batyp-eki-adam-qaza-tapty/