Қостанайда егде жастағы әйел өз пәтерінде өлі күйде табылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚостанайдың қарт тұрғыны өз пәтерінде өлі күйде табылды. Күдікті де ұсталды - ол 51 жастағы әйел болып шықты, деп хабарлайды Костанайские новости.
16 қарашада Қостанайдағы ықшамаудандардың бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар 61 жастағы әйелдің денесі өз пәтерінен табылды.
Облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Күдікті 51 жастағы әйел болып шықты, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқиғаға қатысты басқа да мән-жайлар анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 99-бабына сәйкес адам өлтіргені үшін 8 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2046424-qostanaida-egde-zastagy-aiel-oz-paterinde-oli-kuide-tabyldy/