Астанада полиция қызметкері жол апатына ұшырады: екі адам зардап шекті (видео)
Жарияланған күні:
Дүйсенбіде, 27 қарашада Астанада құқық қорғау органдарының қызметкері тізгіндеген көлік апатқа ұшырады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Апат болған жерде түсірілген видеоны astana_brothers Instagram-парақшасы жариялады. Жазба сипаттамасында жол-көлік оқиғасына ұшырағандардың бірі полиция қызметкері екені айтылады.
Бұл жазбаға қатысты жазылған Астананың Полиция департаментінің пікірінде ақпарат расталған. Құқық қорғау органдарының өкілдері жол-көлік оқиғасына қатысты мәліметтерді жария еткен.
"27 қарашада жүргізуші Daewoo Matiz маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатып, әл-Фараби көшесінің бойындағы Ұлы Дала даңғылымен Қ.Қайсенов көшесінің қиылысында реттелетін қиылыста солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлік құралына жол бермей, қарсы бағыттан тура келе жатқан Honda Civic маркалы автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Апат салдарынан екі жүргізуші де қалалық ауруханаға жеткізілді. Honda жеке көлігін полиция қызметкері басқарған. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген полиция хабарламасында.
Бұл жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша іс қозғалғаны айтылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2047909-astanada-policiya-qyzmetkeri-zol-apatyna-usyrady-eki-adam-zardap-sekti-video/